Қалай ойнаймыз?

Төрт қадам

  1. 01

    Ойынды ашыңыз

    Ноутбукта, планшетте немесе смартфонда. Көпшілікпен ойнасаңыз — теледидарға қосыңыз.

  2. 02

    Командаларға бөлініңіз

    Әр командаға қалам мен парақ беріңіз.

  3. 03

    Сұраққа жауап беріңіз

    Экранда сұрақ пен таймер шығады. Уақыт біткенше жауапты параққа жазыңыз.

  4. 04

    Жеңімпазды анықтаңыз

    Кезең соңында парақтарды жинаңыз — дұрыс жауаптар экранда шығады. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.

Керегі: экраны бар құрылғы, қалам мен парақ.

Сұрақ мысалдары

  • Бір нұсқа бойынша, ОЛАРДЫ қамал, сауыр, жауза, саратан, әсет, сүмбіле, мизан, ақырап, қауыс, желде, дәлу, хұт деп атаған. ОЛАР дегеніміз НЕЛЕР?

    1-КЕЗЕҢ
    1. 1
    2. 2
    3. 3
    4. 4
    5. 5
  • Тыңдап тұрғандарыңыз кімнің дауысы?

    Сурет
    2-КЕЗЕҢ
    1. 1
    2. 2
    3. 3
    4. 4
    5. 5
    Ән
  • Бірінші сұрақ. «ОНЫ жобалаудың құпиясы ашылды» дейді видео авторы. ОНЫ нақты атаңыз.

    3-КЕЗЕҢ
    1. 1
    2. 2
    3. 3
    4. 4
    5. 5
    Видео-сұрақ
Тееез классика

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойнау үшін не керек?

Интернетке қосылған экраны бар құрылғы — ноутбук, планшет немесе смартфон, және әр командаға қалам мен парақ. Ойынды сатып алу үшін поштаңыз жеткілікті — пароль керек емес.

Қанша адам ойнай алады?

Бір командамен де, бірнеше командамен де ойнауға болады, ойыншылар саны шектелмейді. Көп болсаңыз — ойынды теледидарға шығарыңыз.

Қандай экранда ойнаймыз?

Браузері бар кез келген экранда. Көпшілікпен ойнасаңыз, ноутбукты теледидарға HDMI кабелімен қосыңыз.

Ойын қанша уақытқа созылады?

16–89 минут — әр ойынның ұзақтығы оның бетінде жазылған.

Ойын қанша күнге ашылады?

Әр ойынның мерзімі өзінше — ол тапсырысты рәсімдеу бетінде, төлем алдында жазылған. Мерзім төлеген сәттен басталады.

Ойынды қайта ойнауға бола ма?

Иә. Мерзім ішінде ойынды қанша рет болса да бастауға болады.